• Басқы бет
30.10.2015
22:33

«ХАБ-АЛАШТАРЫ» ЖЕЛІДЕГІ ЖАСТАРДЫ БАҚЫЛАЙДЫ

Бүгінде радикалды ағым жетегіндегі жастар ғаламторды білім ошағы, ілім алар ұстазы және мінбер етіп алуда. Алайда, дәстүрлі дін насихаты үшін интернеттің пайдалы тұстары да мол. Осылай деген «Қазақстан Республикасы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» сарапшысы, дінтанушы Серік Тәжібаев «Хаб-алаштары» - атты ханафи-админдер бірлестігі туралы баяндады. Аталған бірлестік ғаламтордағы жастарды қадағалау және оларға бағыт-бағдар берумен айналысады. 

- Серік Қажымұқанұлы, алдымен өзіңіз жетекшілік ететін  «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» қызметі жайлы түсіндіріп өтсеңіз.

- Орталық дін мәселелерін талдаумен айналысады. Сондай-ақ, халықаралық конференциялар мен экстремизм және терроризм мәселелеріне байланысты семинарлар жүргізеді. Жеке сайты ашылған, онда халықты ақпараттандыру мен лаңкестіктің алдын алуға, діни сауаттылықты арттыруға арналған ақпараттар мен ғылыми мақалалар жарияланып отырады. Сарапшы-ғалымдар шетелден шақырылып, тәжірибе алмасу жүргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғалымдарын қолдап, олардың уағыз-насихаттарын таратады.

-Әлеуметтік желідегі радикалды ағымның уағыздарына бақылау жасайсыздар ма?

- Жаңалық ретінде атап өтер бір жайт  - ол ғаламтордағы бірнеше жеке қауымдастықтарды біріктіріп, "Хаб-Алаштары" атты бірлестік құрылғаны. Қазір шала діни сауатты жастар діни қауымдастықтар, бірлестіктер ашып алады. Басында дәстүрлі негізбен бастайды, алайда әрі қарай білімнің жоқтығынан жат ағымның арбауына ілесіп, сол бағытта кету қаупі де бар. Осы уақыт аралығында 100 мың оқырман жинап алды делік. Қауымдастықты құрушылардың бағыты өзгерсе не болады? Ізінен ерген 100 мың адамды адастырып, күмәнға қалдырады. Радикалды ағымдардың діттегені де осы. Бүгінде діни  қауымдастықтарды біріктірдік десе де болады. 10 мыңнан аса оқырмандары бар 83 қауымдастықты біріктіріп,"Хаб-алаштарын" құрдық. Жалпы саны - 1 500 000 жуық оқырман бар. 

- Радикалды ағым өкілдерінің Құран аяттарын теріс түсіндіруі жайлы айтып жүрсіз. Сол жөнінде тоқталып өтсеңіз. 

-Құран аяттарының біршамасы түсінікті әрі анық емес болып  көрінуі мүмкін. Аяттардың түсу тарихын білмеген адамға ол тіпті ауыр соғады. Саяси мүдделі ағымдар астарлы аяттарды өз мақсатына пайдаланады. Мысалы, Құрандағы Аллаға тән сипаттардың адамның санасы жетпейтін басқа бір мағынаға сай келуі ықтимал. Ал, теріс ағымдар оларды тура мағынасында түсіндіруге тырысады. Түрлі ағымдар -  солардың ішінде "неосәляфизмді" алар болсақ, ол өз ішінде бірнеше тармаққа бөлінеді. Бәрінің ақидасы Ибн Таймияның сеніміне негізделген. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.у) Алла Тағаланың сипаты туралы аяттар жайлы ойлаудан тыйған. Құранда кейбір аяттың мағынасы астарлы болып келеді, оны «муташабиһ» деп атайды. "Мухкам" дегеніміз тура мағынамен айтылған аяттар. Аятқа қисынсыз мағына беріп, сол бойынша пәтуа шығаруға болмайды. Ең алдымен аяттардың түсу себебін білу маңызды. "Сәляфи" ағымы Алла Тағаланы қандай да бір денеге ұқсатады. Бұл аяттарға қатысты Алла Тағаланың өзі үйретіп тұр - Құран кәрімде "Шура" сүресінің 11-аятында "Оған ешнәрсе ұқсамайды" делінген. "Алла Тағала қандай және қалай, қайда"  деген сұрақтың өзі дұрыс емес. 

- Cұхбатыңызға рахмет!

«ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» жеке сайты: 

http://antiterr.kz/ 

Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында арнайы сарапшылардың сараптауымен  Вконтакте әлеуметтік желісінде ең сенімді бірлестіктер тізімі анықталды. Олар:

1)    Е-islam

2)    muftyat.kz - ҚМДБ | ДУМК

3)    AQIDA.KZ ™

4)    KAUSAR | الکوثر

5)    Хакам

6)    *ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕЛЕР*

7)    Ислам

8)    Ислам және мұсылман

9)    Дін Ислам - Діңгегім

10)    НҰРЛЫ жүрек  

11)    Ислам ғажайыптары

12)    Хиджабтағы қыз...

13)    НҰРЛЫ жүрек  

14)    *Білім - Нұр*

15)    ☪МұсылманӘлемі☪

16)    Көркем Ислам جميل الإسلامي

17)    Иманибілім

18)    umma|محمدﷺ

19)    Ханафи-Мәзһабы [ПайғамбарЖолы

20)    ДІН МЕН ДІЛ

21)    Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетіуниверситеті

22)    KURAN-TAFSIR М.ИСА

23)    Қазақстандағы Анти-Экстремизм

24)    djannat (جنةالفردوس)

25)    Ислам діні - ең таза дін

26)    Ислам Хадистері

27)    АбдусаттарСманов

28)    الله أكبر - АллаһуӘкбар

29)    Түпқарағанмешіті

30)    ♕ҮздікХикаялар/Тағылымдар♕

31)    Хадистержинағы (Риядус-Салихин)

32)    ИМАН НҰРЫ

33)    МҰСЫЛМАН

34)    نكاحНикаһ

35)    Ислам

36)    Көркем)

37)    Кәусар

38)    Исламтюб.кз

39)    Жосалы Марал Ишан мешіті

40)    ӘлхамдулиЛлаһ, Мұсылманбыз!

41)    Ислам ғажайыптары

42)    АсханаХалал

43)    ерекше ©

44)    Kausarmedia!!!

45)    ИманАйнасы

46)    Центральная мечеть города Талдыкорган

47)    МҰСЫЛМАНДАРҒА АРНАУ .

48)    ҚұранКәрiм

49)    •ДІНИ ӘҢГІМЕЛЕР•

50)    ИмамАғзамӘбуХанифамәзхабы

51)    Ислам және БІЗ

52)    ИСЛАМ ЖАСТАРЫ

53)    ДІН ӘЛЕМІ

54)    Неке♡Қазақстан✔

55)    Мәзһабұстану – ынтымағымыздың кепілі

56)    Ақынболғымкеледі!

57)    ♚Мен МҰСЫЛМАНМЫН♚

58)    СүйіктіқұлыАлланың...

59)    ТАҢДАУЛЫ САХИХ ХАДИСТЕР

60)    Көркем Ислам جميل الإسلامي

61)    МұсылманКүнделігі ©

62)    Иман,Ислам,Ихсан....

63)    ӘһлиСүннаАқидасы✔

64)    Ақылсөз. МҰХИДДИН ИСАҰЛЫ ツツツ

65)    Жамбыл АудандықОрталықМешіт

66)    Ислам_мен_Иман

67)    Намаз құндылықтары

68)    КөркемНасихат

69)    "Жүрегіңдежүрсінжақсылық"

70)    Дәстүрлідін ислам дінгегім!

71)    Ақылиелеріне!

72)    I love Islam!

73)    ОрамалымЖәннатым

74)    Ислам ғажайыптары

75)    Намаз - дінніңтірегі✔

76)    Жәннәтмәңгібақ!!!

77)    КөркемДағуат

78)    IMAN.KZ

79)    "АМАНАТ" клубы| ҚазҰТУ( ПОЛИТЕХ)

80)    ЖЕНСКИИ МИР

81)    •Меніңдінім-Ислам✔

82)    МұсылманКүнделігі ©

83)    АКИДА.РУ

Дереккөз: udr.mangystau.kz