• Басқы бет
14.10.2014
10:54

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «  »  №___

қаулысымен бекітілген

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

Ұйымдық-құқықтық нысаны: мемлекеттік мекеме (ММ)

Мемлекеттік меншік түрі:коммуналдық 

Құрылтайшысы: Маңғыстау облысының әкімдігі

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000,

Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

2013 жыл

1.Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы аумағында діни қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление по делам религий Мангистауской области».

10. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13.«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының дін істері басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

16. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1)  азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2)  азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

17. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)  Маңғыстау облысындағы діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

2)  уәкілетті органға Қазақстан республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3)  діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4)  құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

5)  Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

6)  өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

7)  діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

8)  миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

9)  өз құзыреті шегінде реттелетін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлейді;

10)  өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндірме береді;

11)  Қазақстан Республикасының заңнамасында  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18.  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

1)  өңірдегі мемлекеттік органдардан және ұйымдардан  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

2)  діни бірлестіктерді құружәне қызметі, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуде;

3)  өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

4)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;

5)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-кеңес органдарын (жұмыс топтары, кеңестер, комиссиялар) құру бойынша ұсыныстар енгізуге;

6)  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

19. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2)  бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

4)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Маңғыстау облысының дін істері басқармасының қызметін ұйымдастыру

20. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттрдің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

21. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

22. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;

2)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

3)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4)  заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар беру және көтермелеу шараларын қолданады;

5)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады, «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;

6)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

7)  барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

8)  ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

9)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөнінде жұмысты бақылайды;

10)   «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуын және қаржының мақсатты жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

11)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

12)  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді, оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

13)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

23. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Маңғыстау облысының дін істері басқармасының мүлкі

24. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

25. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

28. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

29. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Маңғыстау облысының дін істері басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

30. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.