11.10.2017
16:33
107

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының» дінді түсіндіру жұмыстары Ақтау қаласындағы №24 мектепте жалғасын тапты. Оқушылармен кездескен мамандар дәстүрлі дін тақырыбында баяндама оқып, дін атын жамылған ағымдар жайында да егжей-тегжейлі  мәліметтер берді.

Басқосуға қатысқан оқушылар дін мәселесін кеңінен талқылап, белсенділік танытты. Дін төңірегінде мазалап жүрген сан түрлі сауалдарына жауап тапқан мектеп мұғалімдерімен оқушылар аталмыш шараның жиі ұйымдастырылып тұру қажеттігін басып айтты.