06.10.2017
12:46
184

ТЕОЛОГТАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР

Қазанның 5-і күні Маңғыстау облысы дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Асар» ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен облыстағы мешіт имамдары мен теологтарға арналған семинар ұйымдастырылды.  Дәрісті ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілі Смайыл Сейтбеков жүргізді.

«Исламдағы теріс ағымдардың шығу тарихы», «Шиизм», «Таблиғи-жамағат» ұйымдарының идеологиясы туралы тақырыптар қамтылып, еліміздегі діни ахуал сөз етілді.  Дәстүрмен жараса түскен діннің  негізгі құндылықтарын атап өткен С.Сейтбеков дін атын жамылып, өздерінің келеңсіз істерін атқарып жүрген ағымдар жайлы ақпаратты жан-жақты етіп берді.

Семинардың негізгі мақсаты - еліміздегі басты құндылық ұлтаралық және дінаралық татулықты дәріптеу, дін қызметкерлерінің халықпен тығыз жұмыс жасауын арттыру.

Шара соңынан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.