Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС
110 Терроризмге
қарсы қызмет телефоны
8(7292)431523 8(7292)317026 8(7292)317027
МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жарияланды: 13.12.2019
Қаралды: 336

Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов пен Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевпен кездесіп, Маңғыстау облысындағы діни ахуалды жақсарту жолдары және мамандармен қамту туралы мәселелерді арнайы талқылады.

Дін саласындағы көкейдегі көптеген сауалға тұшымды жауап алған Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Мұқырұлы ислам ғалымының пікірлеріне мұқият құлақ асып: «Біз бұл мәселелерге дәл мамандар секілді ішінара үңіле бермейміз. Сіздер діннің ішкі түйткілдерін жақсы меңгергендіктен, бұл талқыланған тақырыптар бізге көптеген мағлұматтар берді»,-деп өз лебізін жеткізді.

Теріс діни ағымдарға тойтарыс дұрыс діни бағытта білім алған мамандар арқылы жүзеге аспақ. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінде осы мақсатта маман даярлаумен қатар, ең қажетті әрі маңызды ғылыми еңбектерді де жарыққа шығаруға ден қойып жатыр,-деп  дін саласындағы  тәжірибесімен бөліскен проректор Қайрат Құрманбаев университеттің елдегі діни ахуалғ,а қатысты мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.

Діни қызметкерлер мен дін саласындағы мамандардың білігін арттыру мақсатындағы семинар-тренингтер, арнайы курстар, кітаптар мен әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелерімен қоса,  болашақ түлектерді аймаққа жұмысқа тарту жағы да талқыланды. Белгілі теолог, діни экстремизм мен терроризмге қарсы салада еліміздегі ең білікті мамандардың бірегейі Асқар Сабдин өз тәжірибесіне сай ойларын ортаға салды. Маңғыстау облыстық ДІБ басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Қуатқызы кездесу барысында Нұр-Мүбарак университетімен арадағы меморандум аясында жасалатын жұмыстардың одан сайын жандана түсетіндігіне сенім білдірді.